Аймақтар
3 мин оқу 492

«Жасыл аймақ»: Туристерге тұсау бар ма?

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстанда коронавирус инфек&shy;циясының таралуы бә&shy;лен&shy;дей азайған жоқ. Соңғы тәулікте облыс бойынша вирус 80 адамнан анықталған. Оның көбі Өскемен, Семейден шықса, аудандар арасында Ұлан мен Аягөз тізімді бастады. Десе де бас санитарлық дәрігердің қаулысымен облыс &laquo;жасыл аймаққа&raquo; өтті. Ал Өскемен, Семей және Аягөз қалалары әзірше &laquo;сары аймақта&raquo; қалып отыр.</p>

«Жасыл аймақ»: Туристерге тұсау бар ма?

«Жасыл аймақ» екенбіз деп жайбарақат жүруге әсте болмайды. Дендеген дерт танаудың астында ғана. Оның үстіне, Шығыс Қа­зақ­стан туристік-рекреациялық ай­мақ болғандықтан, ала жаздай саяхатшылардың легі үзілмейді. Яғни әлемді жалмаған жаман ауру­дың таралу мүмкіндігі де көбейе түспек. Ондайда әр адам саналы түрде сақтана түскені абзал. Туристік аумақтарда сақтықты кү­шейтіп, қауіптің алдын алу үшін мем­лекет тарапынан да шаралар қолға алынған. Айта кетсек, 23 ма­мырда Шығыс Қазақстан об­лы­­сының бас мемлекеттік сани­тар­лық дәрігері «Бұқтырма су қоймасының, Алакөлдің және Рахман қайнары санаторийінің туристік-рекреациялық аймақ­та­рын­да COVID-19 коронавирус инфекциясы ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» №7 қаулыға қол қойды.

Қаулыда айтылғандай, 1 мау­сым­­­нан бастап туристік-рек­реа­ция­лық аймақтарда кү­шей­тіл­ген с­а­ни­тарлық дезин­фек­­ция­лық ре­жімді, термометрия­ны, бет­пер­делік тәртіпті және әлеу­­­мет­тік қа­шық­тық­ты сақтай отырып, адамдарды орналас­ты­ру және демалу орындарын жаз­ғы туристік маусымға да­йын­­д­ауға рұқсат берілді. Алайда ны­сан­­дардың қызметін қайта бастау үшін бекітілген бір­қатар ереже бар. Біріншіден, дема­лыс орындарының иелеріне InfoKazakhstan.kz сайтынан элек­­тронды форматта бе­рі­ле­тін «Сани­тар­лық норма­лар­ға сәй­кес­тік акті­сі» қажет. Со­нымен қатар шек­теу шаралары жағ­да­йын­­да жазғы туристік мау­сым­ды ашу­ға бері­ле­тін «дайын­ды­ғы туралы акті» және бар.

Бас санитарлық дәрігер бекіт­кен­дей, демалыс орындарында Ashyq жобасын да іске қосу қажет. Мәселен, меншік иелері демалыс базасына келген мейманды «жасыл/көк» статусқа тексе­ріп отырса ғана, жұмыстарын жалғас­тыру­ға рұқсат беріледі. Атап айтсақ, Бұқтырма су қоймасының, Алакөлдің, Рахман қайнарының аумағындағы қызмет көрсету нысандарында Ashyq жо­ба­­­сын ен­гі­зіп, келушілерді жіті қа­­да­ғалап отыр­ған жөн.

Шығыс Қазақстандағы демалу, сауықтыру орындарында тынығып қайтамын деген азаматқа, берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағат) аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен тексерілген зертха­на­лық құжат қажет. Одан бөлек, COVID-19 коронавирус инфекция­­­сы­на қарсы вакциналаудың толық курсын алғанын растайтын құжат­тың болуы шарт. Ескерте кетерлігі, «сары/қызыл» статусы бар жеке тұлға­ларға туристік-рекреациялық ай­мақ­тарға келуге тыйым салына­ды.

– Әрине, аудан экономикасы үшін саяхатшылардың келіп жат­қаны жақсы. Алайда біз тұр­ғын­дардың денсаулығын бірінші орынға қоюымыз керек. Бұл үшін облыстық бас санитарлық дә­рігер бекітіп берген қаулы негі­зін­­де жұмыс атқаруымыз керек. Аудан­­­дағы демалыс базалары ке­лу­­ші­лерді белгіленген ережеге сай қабылдап қана қызмет көрсете ала­ды. Бұған халық түсіністікпен қараса екен дейміз. Атқарылып жатқан шараның бәрі сіз бен біз­дің қауіпсіздігіміз үшін, – дейді Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов.

«Тәртіпке бағынған құл емес». Бек­і­тілген ережені бір кісідей сақ­тауымыз керек. Айт­қан­дай, са­нитарлық талап­тар­дың орын­­далуын арнайы жасақ­тал­ған мо­ни­торлық топ күнде­лікті қа­да­ға­лап отырады. Ереже еске­ріл­ме­ген жағдайда, белгілі мөл­шерде айыппұл салу көздел­ген. Халық осыны да естен шығар­маған­дары абзал.

Бір жағынан өңір «жасыл аймаққа» өтіп, бірқатар шектеу­ге өзгерістер енді. Облыстық са­ни­тарлық-эпидемиологиялық ба­қы­лау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиевтің айтуынша, «жасыл аймаққа» жататын қалалар мен елді мекендерде ертеңнен бастап мейрамханалар, дәмханалар мен жазғы алаңдар түнгі сағат 02:00-ге дейін жұ­мыс істеуге рұқсат берілді. Елуден артық адам қатыспаған жағ­­дайда, еске алу түскі астарын өткі­зу­ге де рұқсат етіледі. Сон­дай-ақ мешіт, шіркеу, синагога сынды діни нысандарда іс-ша­ра­лар өткізуге рұқсат етіледі. Бірақ қатысушылардың саны 100 адам­нан аспауы тиіс. «Жасыл ай­мақ­тағы» елді мекендер үшін бильярд, боулинг, ойын клубтары, балалар ойын-сауық орталықтары, соның ішінде жабық бөлмелердегі аттракциондар жұмысын қайта бастайды.

Естеріңізге тағы бір мәрте сала кетсек, Өскемен, Семей және Ая­гөз аудандары «сары аймақта». Сон­дық­тан жоғарыда аталған же­ңіл­діктердің бұл өңірлерге қаты­сы жоқ. Демек мұндағы жабық үй-жайларындағы іс-шаралар мен еске алу түскі астарына әлі де ты­­­йым салынған. Бильярд, боулинг, ойын клубтары мен балалар орталықтары да әлі жұмыс істей алмайды. Ал Ashyq жобасы енгізілген нысандар белгіленген режімде жұмыс істеуге құқылы.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
«Жасыл аймақ»: Туристерге тұсау бар ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар