Қоғам
1 мин оқу 550

Көрікті шаһарға көшет отырғызылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Астана Опера&raquo; театры&shy;&shy;ның қамқорлық кеңесінің мүшелері мен театр труп&shy;пасының әртістері, қала тұр&shy;ғын&shy;&shy;дары көшет отыр&shy;&shy;ғыз&shy;ды. Ағаш егіп, ша&shy;һар&shy;дың көркеюіне ат&shy;салысқан азаматтар ха&shy;лықты ауыл-ай&shy;мақ&shy;ты абаттандыру мен кө&shy;гал&shy;дандыруға ша&shy;қыр&shy;ды.</p>

Көшет отырғызу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры­ның директоры, «Астана Опера» қамқорлық кеңесінің төр­айымы Дариға Назарбаева отыр­ғызылған көшеттер тамырын тереңге жайып, бас қаламен бірге өсіп, жайнай берсін деген тілегін арнады.

«Өздеріңіз білетіндей, емен – ұзақ ғұмырдың символы. Орташа өмір сүру ұзақтығы 300-400 жыл. Ал мамыргүл – көпшілік үшін көктемнің, жастықтың, жа­ңарудың нышаны. Көшеттер ғасырлар тоғысында бой көтерген әсем астанамыздың көркіне көрік қосады», деді ол.

500 түп емен ағашы мен мың түп мамыргүл көшетін отыр­ғызуға театр әртістерімен бірге Мә­дениет және спорт минис­трі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұл­тан қаласының әкімі Алтай Көл­гінов, «Астана Опера» қам­қорлық кеңесінің мүшелері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Бас­қарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич атсалысты.  

«Бүгін отырғызылған емен біздің климаттық жағдайға бе­йім­делген. Ал мамыргүл осы өңірде көптеп кездеседі. Сол се­бепті, көшеттер жайқала өсіп, алып бәйтерекке айналып, елор­да тұрғындары мен қала қонақ­тарының жанына сая болады деген үміттеміз», деді «Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері Ғалым Ахмедьяров.

Бөлісу:
Көрікті шаһарға көшет отырғызылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар