Медицина
1 мин оқу 270

Алексей Цой коронавирустың таралуына қатысты 3 түрлі болжам жасады

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай бойынша жаңартылған болжам айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Цой Қазақстандағы коронавирус тарауы бойынша үш болжам айтты. 

«Пессимистік сценарий бойынша, вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны 95 мыңға жуық адам болады. 

Екінші, шынайы сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80 пайыз болады, сонда 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамға жетеді.

Ал оптимистік сценарийде вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 95 пайызды көрсетіп, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың адам болады», деді Цой

Министр осы сценарийлердің орындалу-орындалмауы халықтың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді.

«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға вакцинамен қамтуды ұлғайту, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет деп санаймыз», деді ведомство басшысы.

Бөлісу: