Оқиға
1 мин оқу 642

Қызылордада он жасар қыз суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Қызылордада он жастағы қыз бала каналға суға батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға кеше, 24 мамырда сағат 18:12 шамасында болған. Облыс орталығындағы С. Асфандияров көшесінің аяқ тұсындағы каналға 2011 жылы дүниеге келген қыз бала суға батып кеткен.

«Аталған аумақта суға түсуге рұқсат етілмеген. Қыз баланың денесін атасы судан шығарып алған. Оқиға орнына облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 6 қызметкері мен 2 техникасы барды», деп мәлімдеді Қызылорда облысы ТЖ өкілдері.

Бөлісу: