Экология
1 мин оқу 356

Балқашта браконьерлерден 6 тонна балық тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Балқаш көлінде жүргізілген браконьерлерге қарсы арнайы операция кезінде 6 тонна балық тәркіленді,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сондай-ақ полиция қызметкерлері балықты заңсыз аулағандардан 200 шақырымнан астам ау табылғанын айтты. Бұдан бөлек, браконьерлерден 4 қайық тәркіленді.

Осы деректердің негізінде Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал заңсыз ауланған балықты саудаламақ болғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тиісті сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.    

Бөлісу: