Аймақтар
1 мин оқу 700

Маңғыстаудағы Түпқараған ауданында 4 балабақша бой көтереді

<p style="text-align: justify;">Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Түпқараған ауданында 4 балабақша салынатынын, оның үшеуі Сайын Шапағатов ауылдық округінде, біреуі Ақшұқыр ауылында бой көтеретінін мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Әкімнің айтуынша, ауданда 22 балабақша бар. 11-і мемлекеттік, тағы 11-і – жекеменшік бөбекжай.

«Бұдан бөлек, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Баутин және Ақшұқыр ауылдарынан спорт кешені салынады. Жеке инвестор қаражаты есебінен Қызылөзен ауылынан 1 спорт кешені пайдалануға беріледі. Айта кету керек, ауданда бұқаралық спорт кеңінен насихатталады. Түпқараған ауданында 14 ашық спорт алаңы, 5 футбол алаңы, 5 көше тренажері бар», деді Айбек Қосуақов.

Бөлісу:
Маңғыстаудағы Түпқараған ауданында 4 балабақша бой көтереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар