Экология
2 мин оқу 940

Экологияны жақсарту – ерекше назарда

<p style="text-align: justify;">Nur Otan партиясының жаңа экологиялық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану, орман қорын ұлғайту, шөлейттену проблемасын шешу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралды.</p>

Экологияны жақсарту – ерекше назарда

«Партияның сайлауалды уә­де­лерін орындау аясында 1 шіл­деде жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді. Енді қоршаған ортаға зиянды шығарындылар үшін төленетін барлық ақша­лай түсім тек табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалады. Сон­дай-ақ Парламент «Жануарлар­ды қорғау туралы» заң жоба­сын және полигонның ластан­ған жерлерінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Семей ядролық қауіпсіз­дік аймағы туралы» заң жобасын қарауды жоспарлап отыр. Осы бағытта белсенді жұ­мыс істеуіміз қажет»,  деді кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов.

Экология, геология және та­би­ғи ресурстар министрі Мағ­зұм Мырзағалиев Ақмола об­лы­сындағы Қопа, Бурабай және Шортанды, Ақтөбе облы­сын­дағы Шалқар көлдерін тазарту, сондай-ақ Арал теңізінің сол­түс­тік бөлігін және Жайық өзенінің суағарын қалпына келтіру жос­парлары туралы айтты.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға дейін 716 мың гектардан астам жерге 2 млрд ағаш отырғызу міндеті тұр. Бүгінгі таң­да биылға жос­пар­ланған 130,2 млн ағаштың 66,5 млн-ға жуығы отырғызылды. Шөлейттену проблемасын шешу үшін 433,9 мың гектар жерге сексеуіл отырғызылады», деді министр.

Отырыс барысында кеңес төрағасының орынбасары Еділ Жаңбыршин өңірлердегі нақ­ты экологиялық проблемалар­ға назар аударып, олардың тізі­лі­мін қалыптастыруды ұсын­ды.«Мәселен, су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесі бар, оны өңірлер бойынша нақты­лау қажет. Жақында Ақтөбе облысында (Мұғалжар, Темір аудан­дары) экобелсенділер Ойыл өзенінің сағасында 33 заңсыз салынған бөгет, 3 тоған және 2 көпірді анықтады. Мұндай жағ­дайлар басқа облыстарда да болуы мүмкін», деді ол.

Отырыс қорытындысы бо­йынша салалық министрлік­ке кеңеспен бірлесіп өңірлер­де экологиялық саясатты жүзе­ге асырудың әдістемесін әзір­леу және оны іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізу ұсынылды. Партиялықтарды, про­куратура мен полиция өкілдерін міндетті түрде қатыс­тыра отырып, халықтың қоршаған ортаға қатысты шағымдарына ден қою үшін мобильді топтар құру мүмкіндігін қарастырған жөн.

Nur Otan-ның баспасөз қыз­метінің мәліметінше, партия­ның экологиялық саясаты аясында қалалардың ауасын жақсарту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жол карталарын жүзеге асыру жалғасады. Мәселен, алдағы 5 жылда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз және Ақтөбе қалаларында қоқысты қайта өңдеу үлесін 30 пайызға дейін жеткізе отырып, 6 қоқыс өңдеу зауыты іске қосылады. 2025 жылға дейін Алматы қала­сындағы ЖЭО-2-ні газға көші­ру жоспарланып отыр.

Партияның барлық сайлау­алды уәделерінің орындалуымен nurotan.kz сайты арқылы толы­ғырақ танысуға болады.

Бөлісу:
Экологияны жақсарту – ерекше назарда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар