Коронавирус
1 мин оқу 4,104

Алматыда 65 бала коронавирус жұқтырған

<p style="text-align: justify;">Алматыда коронавирус жұқтырған 2129 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

25 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 310 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 264, симптомсыз – 46 науқас тіркелді.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, барлық емделіп шығарылғандар – 286, келіп түскені – 113. Инфекциялық стационарларда 2 129 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 5 940), оның ішінде 65 бала емделіп жатыр.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 153 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 58 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 50 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2349 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2045 науқас. 304 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Бөлісу:
Алматыда 65 бала коронавирус жұқтырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар