Аймақтар
1 мин оқу 140

Қабанбай батыр даңғылындағы «Сергек» қайта қосылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы&raquo; ММ осы жылдың 26 мамырынан бастап &laquo;Сергек&raquo; АӨК Қабанбай батыр даңғылы бойындағы айналма жол айырығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көлік жолағымен жүргендерді тіркейтін болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Аталған бағытта тиісті жол белгілері орнатылды. Сол сияқты арнайы автобус жолағының бар екені туралы ақпарат беретін жол белгілері салынды. Бұл талаптарды сақтау — міндет.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарының барынша мұқият болуын және жол қозғалысын реттейтін талаптарды сақтай отырып көлік жүргізуін сұраймыз», делінген тиісті басқарманың хабарламасында.

Бөлісу: