Аймақтар
1 мин оқу 220

Атырауда вакцина салдырғандар саны 51 511 адамға жетті

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салатын 31 стационарлық, 10 жылжымалы бекет жұмыс істейді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда вакцина салдырғандар саны 51 511 адамға жетті

Вакцинация пункттерінде екпе салдырғандар саны 51 511 адамға жеттті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кеше, 25 мамырда  «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І компонентін жергілікті 908 тұрғын салдырыпты.

«Өңірде 1 ақпан-25 мамыр аралығында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін салдырғандардың саны 51 511 адамға жетті. Ал, вакциналардың ІІ компонентін 20 712 адам алды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда вакцина салдырғандар саны 51 511 адамға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар