Бүгін хоккейден ел құрамасы Германиямен кездеседі
<p style="text-align: justify;">Бүгін Ригадағы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан командасы топтағы төртінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Бұл жолы қазақстандықтар топтың үздігі Германия құрамасымен кездеспек. Екі команда арасындағы матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:15-те басталады. Айта кетелік, Қазақстан командасы үш ойыннан кейін төрт ұпай жинап, бесінші орында келеді. Плей-офф кезеңіне төрт үздік құрама жолдама алады.
В тобындағы турнир кестесі:
Германия – 9 ұпай
Латвия – 7 ұпай
Финляндия – 7 ұпай
АҚШ – 6 ұпай
Қазақстан – 4 ұпай
Норвегия – 3 ұпай
Канада – 0 ұпай
Италия – 0 ұпай.
Айта кетейік, бұған дейін құрамамыз Финляндияны ұтып, АҚШ-тан жеңілді.