Әлем
1 мин оқу 1,633

2021 жылғы қажылық маусымы қалай өтеді?

<p style="text-align: justify;">Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы қажылық маусымына дайындық шеңберіндегі арнайы талаптарды жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Taunews сайтына сілтеме жасап.</p>

«Қажылық-2021» маусымындағы Саудия билігі тарапынан қойылған негізгі талаптар:

- Биылғы қажылық маусымындағы қажылар саны 60 мың адамға белгіленген.

- Қажылық жасауға 18-60 жастар аралығындағы азаматтар өтініш бере алады.

- Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау қажылардан талап етіледі. Екінші дозаны Корольдікке барудан 14 тәулік бұрын қабылдауы тиіс.

- Шет елдерден келген кісілерге қажылық құлшылығына қатысы жоқ өзге аймақтарға баруына тыйым салынады.

Сонымен қатар, әр қажы жоғарыда аталған вакциналардың бірін қабылдағаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама алуы және оны Сауд Арабиясының шет мемлекеттердегі елшіліктерінде заңдастыруы керек.

Бұған қосымша әр қажыдан Корольдікке келген кезде 72 сағатқа жарамды теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын да көрсету талап етіледі.

Қажылар Мекке аймағында бір орыннан екінші орынға көшкен уақытта барлық денсаулық сақтау шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ бекітілген ережелерге толық бағыну қажет.

Ескерте кетейік, «Қажылық-2021» маусымында қандай мемлекеттен қанша адам шақырылатыны жайлы жаңалықты Саудия билігі әзірге таратпай отыр.

Бөлісу:
2021 жылғы қажылық маусымы қалай өтеді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар