Жаңалықтар
1 мин оқу 620

АНКАРА МЭРІ АСТАНАДА

Астана мен Анкара инвестиция­лық жобаларды жүзеге асыру саласын кеңейте отырып, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық қар­қы­нын арттыруға ниетті. Осы мін­дет­терді жүзеге асыруға деген мүдделілік кеше елорда әкімдігінде өткен Астана қаласының әкімі Иманғали Тас­мағам­бетов пен Түркияның астанасы Анкара қаласының мэрі Мелих Гок­чектің кездесуі барысында сөз болды.<!--more--> Кездесуде сондай-ақ Қазақ­станның елордасының даму бары­сы­на баса назар аударылды.

Астананы көшіру бүгінде эконо­микалық дамуы мен саяси тұрақты­лығы үндескен жас тәуелсіз мемле­кеттің ең ауқымды жобасы болды. Соңғы 11 жылда қаланың аумағы 2,5 есеге ұлғайып, тұрғындар 3 есеге өсіп, 700 мың адамға жетсе, өндірілген жалпы өнім көлемі 50 есеге артып, 10 миллиардтан астам долларды құраған. Өнеркәсіптік өндіріс 8 есеге дейін өскен. Ішкі сауда айналымы 30 есеге өсіп, 2008 жылдың қорытындысында 10,5 миллиард АҚШ долларын құрады.

Ал енді Астана мен Түркия ара­сындағы ішкі сауда айналымы 2010 жылғы қаңтар-ақпан айларында 14,4 миллион АҚШ долларын құра­са, оның ішінде экспорт – 4,6 мил­лион АҚШ доллары, импорт 9,8 мил­лион АҚШ доллары болып отыр.

Елордалық статистика басқарма­сы­ның мәліметіне қарағанда 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойын­ша Астана қаласының аума­ғында экс­порт-импорт операциялары­­мен айналысатын 153 түркиялық және 39 бірлескен кәсіпорын тіркелген.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, АСТАНА.

Бөлісу: