Қазақстанда заңды түрде тіркелген 22 мыңнан астам ҮЕҰ бар
<p style="text-align: justify;">Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп беру барысында осындай статистиканы жария етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оның айтуынша, бұл орасан зор қоғамдық әлеует, зияткерлік күш пен энергетиканы қарапайым азаматтардың пайдасына, ал сайып келгенде, әлеуметтік прогрестің игілігіне айналдыруға болады және айналдыру керек.
«Мемлекет жыл сайын ҮЕҰ-мен серіктестікті арттырып келеді. Бұл ретте мұның бәрі жергілікті ортада қабылданғандай, гранттар мен әлеуметтік тапсырыстар түрінде қаржылық қолдауға ғана байланысты емес. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі соңғы 5 жылда 2 есеге, гранттар 3 есеге артты. Осының арқасында жыл сайын орта есеппен 2 мыңға жуық әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылады», деді министр.