Аймақтар
1 мин оқу 440

Ақмола облысында екі бала суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда болған. Қайғылы оқиға туралы Аршалы аудандық полиция бөлімшесіне сағат 17:23-те хабарлама түскен. №42 разезд станциясының жанында екі бала суға батып кеткені хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, №42 разезд станциясынан 200 метр қашықтықтағы суға 2013 жылы туған екі бірінші сынып оқушысы батып кеткенін анықтаған.

«Мән-жайды нақтылау кезінде, сондай-ақ куәгерлерді (марқұмның әкесі) сөзге тартқанда үйден үш баланың сұранбастан шығып, жоғарыда аталған аймаққа шомылуға кеткені анықталды. Кешкі сағат 16:30 шамасында кіші ұлы үйге жүгіріп келіп, әкесіне судағы ағаларының көмек сұрағанын айтады. Сағат 16:55-те әкесі судан ұлының денесін алып шыққан. Кейіннен Нұр-Сұлтан ТЖД «ОСО» құтқарушылары суға батқан екінші баланы алып шықты», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Ақмола облысында екі бала суға батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар