Аймақтар
2 мин оқу 524

Жамбыл облысында Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес 27 мамырдан бастап өңірде карантиндік шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Аталған құжатта Тараз қаласын қоспағанда, облыс аумағындағы әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу «Жасыл» аймақ өлшемшарттары негізінде қабылданатыны туралы айтылған.

Атап айтқанда, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл және балық, мал шаруашылығы нысандары, байланыс қызметтері, туристік компаниялар, бизнес орталықтары, гүл дүкендері, фотосалондар, музейлер мен кітапханалар, азық-түлік дүкендері, шағын маркеттердің жұмысына толық рұқсат берілді.

Сол секілді стрит-фуд, моншалар, ашық ауадағы аттракциондар, супермаркеттер, гипермаркеттер, медициналық ұйымдар, дәріханалардың да қызметіне рұқсат етіліп отыр.

Ал, түнгі және ойын клубтарына, караоке-барлардың жұмысына шектеу сақталатын болды. Сонымен қатар ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар өткізуге де тыйым салынған.

«Ескеретін жағдай, жаңа қаулыда ұйымдар, офистер қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық ара қатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19 індетімен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі», делінген қаулыда.

Аталған қаулы 2021 жылғы 27 мамырда сағат 00:00-де күшіне енетін болады.

Бөлісу: