Тағайындау
1 мин оқу 421

Арман Кенжеғалиев жаңа қызметке тағайындалды

<p style="text-align: justify;">ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.</p>

Арман Кенжеғалиев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін, Шеффилд университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистр.

Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған. 2002-2003 жж. «Қазпошта» АҚ «Астана почтамты» АФ құқықтық жұмыс жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеді. 2003-2012 жж. ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.

2012-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, консультанты.

2017-2018 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.

2018-2020 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары, директоры.

2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.

Бөлісу:
Арман Кенжеғалиев жаңа қызметке тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар