Вакцина салдырушылар көбейді
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі мәліметі бойынша Қазақ­станда 1 991 219 адам вакцина салдырды. Айта кететін жайт, 33 002 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олар­дың ішінде 13 030 пациент стационарда, 19 972 науқас амбула­тория­лық деңгейде ем қабылдауда. Ал 729 адамның жағдайы ауыр, 178 пациенттің жағдайы өте ауыр, 99 науқас ӨЖЖ аппара­тын­да жатыр.<br /><br /></p>

Елордада 24 мамыр күнгі ақпарат бойынша 152 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 компонентін алды.
Қала тұрғындары мен қонақтары қытайлық Sinofarm Hayat Vaх және ресейлік Спутник V вакцинасын қабылдай алады. Басқарма қоймаларында жоғарыда аталған вакциналардың дозалары жеткілікті екені хабарланды. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарында және сауда орындарында екпе аймақтары ашылғаннан бері 22,7 мыңнан аса адам вакцина алған.
Естеріңізге сала кетейік, халықты вакциналаумен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Бүгінде елордада Mega Silk Way, Keruen, «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» СОО-ларында, сондай-ақ «Сарыарқа», «Астаналық», «Әлем» сауда үйлерінде ашылды.
Вакциналау пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08.00-22.00 аралығына белгіленсе, СОО-лар үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады. Яғни сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін екпе салдыруға болады.