Аймақтар
2 мин оқу 161

Маңғыстау «сары аймаққа» енді

<p style="text-align: justify;">Қазіргі таңда &laquo;сары аймаққа&raquo; енген Маңғыстау облысында жалпы COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 6 763-ті құрады. Оның 90%-ы емделіп шықса, 105 адам о дүниелік болды. Ал жыл басынан бері қауіпті індеттен 28 адам қайтыс болған.</p>

Маңғыстау  «сары аймаққа» енді

Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде денсаулық сақтау нысандары штаттық режімде жұмыс істеуде. Тұрғындарға 515 инфекциялық және 60 реани­мациялық төсектік 10 ста­ционар қызмет көрсетуде және бұған қосымша 2 452 төсектік орын, 131 реанимациялық орын толығымен жабдықталып, резервте дайын тұр. Осы жылдың 17-24 мамыр аралығында 359 адам ем қабылдап, жазылып шыққан. Бүгінде стационарларда 237 адам ем алып жатыр. Оның 20-сы кәмелет жасқа тол­маған балалар. Өңірде барлығы екі компонент бойынша 52 926 адам егілген болса, ауруханада коронавируспен ауырып  жат­қандардың барлығы КВИ-ге қарсы екпе алмағандар екен.

Маңғыстау облысында КВИ-ге қарсы екпеге арналған 38 екпе кабинеті жұмыс істейді. Оның 17-і – Ақтау қаласында. Қосым­ша екпе пункттерінің жұмысы ұйымдастырылуда.

– Дәрі-дәрмек және жеке қорғану құралдарымен қамту мәселесі де басты назарда. Ме­ди­циналық мекемелер мен дә­рі­ханаларда 3 айға жететін дәрі-дәрмек және жеке қорғану құралдар қоры жасақталды. Сонымен қатар медициналық ұйымдар қажетті жабдықтармен толық көлемде қамтылды, бұл бойынша мәсе­ле жоқ, – дейді Маңғыстау облы­­сы әкімінің орынбасары Г.Қалмұратова.

Сонымен қатар өңірдің 241 кәсіпкерлік объектісінде Аshyq мобильдік қосымшасы толық іске қосылған. 29 кәсіпкер­лік нысан сынақ мерзімімен жұ­мыс істеуде. Алайда Аshyq қо­сым­шасы арқылы қосылып, бірақ тиісті талаптарды сақта­маған кәсіпкерлік нысандары да анықталды. Тәртіп бұзған «LOFT PUB», «Coffee City Premium», «Донер Сарайы», «На мангале», «Шум-Гам бар» қоғам­дық орындарының Аshyq қо­сым­шасындағы аккаунт­тары 2 аптаға бұғатталды.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Маңғыстау «сары аймаққа» енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар