Экология
2 мин оқу 682

Қалдықты кәдеге жаратудың жолы

<p style="text-align: justify;">Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тұрмыстық қалдықты энергетикалық мақ&shy;сатта кәдеге жарататын кәсіп&shy;орындардың құрылысына байланысты жоспарын ұсынды. Ведом&shy;ствоның ақпаратына сәйкес, биыл Қазақстанның төрт өңірінде қалдықты бөліп жинауға арналған 7 230 контейнер орнатылып, қуат&shy;тылығы жылына 300 мың тонна болатын 3 қоқыс сұрыптау кешені іске қосылады.</p>

Қалдықты кәдеге жаратудың жолы

Қазір полимер мен аралас қаптама (тетрапак) қалды­ғын қайта өңдеу кешендерін салуға қатысты жобалар конкурстық іріктеуден өтіп жатыр. Өңірлерде ҚТҚ-ны бөлек жинауды дамытуға арналған нысандар іске қо­сылып, тиісті инфрақұрылым дамығанда 2025 жылға дейін қайталама шикізатты (металл, пластик, шыны және пластик) өңдеу көлемін 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік туады. Қайта өңдеуге жарамайтын қалдықтар Экологиялық кодекске сәйкес, энергияға айналдыру (Waste to Enеrgy) зауыттарына жіберілетін болады.

«Қалдықты бөліп жинау және депозиттік-кепілдік жүйесін енгізу арқылы қалдықтың 30%-ын қайта кәдеге жаратуға жол ашылады. Қайта өңдеуге келмейтін қал­дықтың 20%-ы өртеуге жіберілмейді. Қалған қалдықтар қатты ластанған және бүгінде оларды жоюдың жалғыз жолы – энергетикалық кәдеге жарату», деді Экология, гео­логия және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

Таяуда министрлік қалдықтарды энергияға айналдыру жобаларына байланысты аукционды сауда-саттық жариялаған еді. Waste to Energy (Қалдықты энергетикалық кәдеге жарату) кешендерін Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шым­кент қалаларында іске қосу жоспарлануда. Зауыт­тардың құ­рылысы инвесторларды тарту есебінен жүр­гізу көз­деліп отыр. Инвесторларға қойылатын бас­ты талап – Еуро­палық Парламент пен Еуропалық одақ кеңесінің арнайы директивасының нормасына сәйкес, түтін газын тазартудың 5 сатылы жүйесін орнату. Болашақ зауыттар зиянды қалдықты бақылайтын автоматтандырылған жүйемен жабдықталады. Қазір жер учаскелерін беру және инфрақұрылым жүргізуге қатысты мәселелер пысықталып жатыр. Болжам бойын­ша 6 зауытты іске қосу нәтижесінде 2025 жылға қарай қалдық өңдеу көлемі 30%-ға дейін жеткізілуі тиіс. Өр­теуге келмейтін қалдықтар көлемі 20%-ды құраса, қалған қалдықты энергияға айналдыру жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қалдықты кәдеге жаратудың жолы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар