Аймақтар
1 мин оқу 464

Атырау облысында қоқыс полигоны отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Жылыой ауданындағы қоқыс полигонының отқа орануына не себеп болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысында қоқыс полигоны отқа оранды

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 25 мамырда кешкі сағат 22:00 шамасында тұтанған.

«Аудан орталығы – Құлсары қаласынан 8 шақырымдағы «Құлсары-Бейнеу» тас жолының маңында орналасқан қоқыс полигонында қалдықтар өртенді. Полигон «Жылыой тазалық» ЖШС-нің теңгеріміне алынған. Экология департаментінің мамандары өрт болған жерден сынама алды. Енді тексеру жүргізу басталады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырау облысында қоқыс полигоны отқа оранды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар