ПТР анықтамасыз келген Қырғызстан азаматы депортацияланды
<p style="text-align: justify;">26 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Түркия, Грузия, Тәжікстан, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өткен тәулікте 3 405 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 202 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 689 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 262 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 160 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 27 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 0 жолаушы;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 65 жолаушы.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 26 мамырында Ош–Шымкент авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғызстан азаматы Шымкент қаласының әуежайынан депортацияланды.