Қоғам
1 мин оқу 290

Ashyq қосымшасынан тағы да ақау шықты

<p style="text-align: justify;">Ashyq қосымшасынан тағы да ақаулар шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы қызметтің Telegram-арнасында мәлім болды. 

«Құрметті Ashyq қызметін қолданушылар! Қазір қосымшада техникалық ақаулар бар. Уақытша қолайсыздықтар тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз», делінген 27 мамырда сағат 13.10-да жарияланған хабарламада.

Сағат 13.25-те арнада қызмет қалпына келгені туралы хабарлама жарияланды. Алайда кейбір қолданушы әлі де қосымшаға кіре алмай отыр. 

Еске салайық, қолданушылар Ashyq бағдарламасындағы ақауларға бірнеше рет шағым айтқан болатын.

Бөлісу: