Алматыда бірнеше госпиталь жабылды
<p style="text-align: justify;">Алматыда COVID-19 жұқтырғандар жатқан үш аурухана қалыпты режимге ауысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, қалада коронавирус жұқтырған науқастардың ауруханаға түсу жағдайы төмендеген. Нәтижесінде №1 перзентхана мен екі аурухана қалыпты жұмыс режимдеріне көшкен.
Сондай-ақ 1 маусымнан бастап жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы мұқият дезинфекциядан өткізіліп, бұрынғы жұмыс режиміне көшеді.
Қорғаныс министрлігі ауруханасында да коронавируспен жатқызылған соңғы науқас емделіп шықты.
«Сондай-ақ Halyk Arena-да орналасқан жұқпалы аурухана және қайта жасақталған ауруханалар, оның бірі – теміржол емханасы, №1 Қалалық клиникалық аурухана және Қалалық кардиологиялық орталық коронавирус жұқтырған науқастарды күту жүйесінен алынады», делінген хабарламада.
Бүгінде коронавирус жұқтырған 2035 адам ауруханаларда жатыр. Жалпы қаланың жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек сыйымдылығы - 5 940 орын. Бүгінде үй жағдайында алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мобильді топтар қадағалауындағы 2 198 науқас бар, оның 306-сы симптомсыз, 1892-сі жеңіл және 90-ы орташа ауырлық дәрежесінде.