Спорт
1 мин оқу 330
Жүзуден лицензиялық турнир басталды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Литваның Клайпеда қаласында жүзуден лицензиялық турнир басталды. Іріктеу қорытындысы бойынша екі қазақстандық спортшы финалға өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 23.74 секундты көрсетіп, іріктеу қорытындысы бойынша бірінші орын алды.
Анастасия Резванцева 100 метрге шалқалап жүзуден 1 минут 05.66 секундты көрсетіп, финалға жолдама алды. Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да өтеді.
Олимпиадаға лицензия алу үшін нормативті орындау қажеттігін еске саламыз.
Бөлісу: