Аймақтар
1 мин оқу 1,540
Атырауда 8-қабаттан секірген бойжеткен көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында 19 жастағы бойжеткеннің 8-қабаттан секіріп, көз жұмуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бүгін, 27 мамырда сағат 17:00 шамасында болған.
«Бүгін 2002 жылы туған бойжеткен «Алмагүл» шағын ауданындағы №18 үйдің 8-қабатынан секіріп кетті. Ол оқиға орнында мерт болды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 105-бабымен тергеу амалдары жүріп жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бөлісу: