Парламент
1 мин оқу 121

Парламентаралық байланысқа басымдық

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бельгия Корольдігі Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Элиан Тильёмен бейнеконференция форматында кездесу өткізді, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.</p>

Парламентаралық байланысқа басымдық

Тараптар екі ел арасындағы ын­тымақтастықты, оның ішінде пар­ламентаралық байланысты арттыру жайында пікір алысты. 

Нұрлан Нығматулин Бельгия Қазақстанның Еуропадағы маңыз­ды саяси және экономикалық әріп­тесі екеніне назар аудара оты­­рып, екі ел арасындағы страте­гия­­­лық серіктестік деңгейіне жету­­дегі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу­дегі негізгі тақырыптардың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселелері туралы болды.

Отырыста Нұрлан Нығма­ту­лин мем­лекет пен қоғам ара­сын­дағы диа­логты кеңейту, сон­дай-ақ Пре­зи­денттің саяси рефор­мала­рындағы негізгі мәселелер – митинг және сай­лау туралы заңдар жайында айтты.

Тараптар Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарының маңыз­ды құрамдас бөлігі ретінде пар­ламентаралық байланысты жандандыруды қолдады.

Өз кезегінде Элиан Тильё Қазақ­стан – өзінің даму жолын ұсын­ған мемлекет екенін, бү­гінгі таңда қарқынды түрде да­мып келе жатқанын алға тартты. Сонымен қатар қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қаты­нас­тың орнағанына 30 жыл тола­ты­нын атап өтіп, қалыптасқан саяси-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу барысында Нұрлан Нығ­матулин мен Элиан Тильё заң­на­малық тәжірибе алмасу, ынтымақтастық жөніндегі парла­менттік топтар мен комитеттердің өзара іс-қимылы екі елдің жан-жақты әріптестігін ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Бөлісу:
Парламентаралық байланысқа басымдық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар