Тарих
1 мин оқу 605

Алаштанушылар бас қосты

<p style="text-align: justify;">Қостанайда &laquo;Алаш тарихынан тағылым: Әлихан Бөкейхан және Тобыл-Торғай өңірі&raquo; тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ZOOM платформасында өткен жиынды А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университеттің &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; кеңсесі ұйымдастырды. Басқосуға Дихан Қамзабекұлы, Айгүл Ісмақова, Сұлтан Хан Жүсіп, Зиябек Қабылдинов сынды белгілі алаштанушы ғалымдар қатысты.</p>

Алаштанушылар бас қосты

– Дөңгелек үстелде Әли­хан Бөкейхан туралы бір­сыпыра тың мағлұмат-дерек­тер, ғылыми пайымдар мен пі­кірлер айтылды. Алаш кө­семі, біріншіден, Торғай облысы Қостанай уезінің Ре­сей құрамына өтіп кетуіне жол бермей, Қазақстанның аума­ғында қалуына өлшеусіз ең­бек сіңірген қайраткер.

Мұны отырыс барысында белгілі әли­хантанушы Сұлтан Хан Ақ­құлұлы нақты бұлтартпас де­ректермен не­гіздей отырып баян­дап берді. Ол кісінің айтуынша, Керен­скийдің уақытша үкіметі Әли­ханды Торғай облы­сының комиссары етеді. Өйткені бұл жақта жағдай өте күрделі еді. Себебі ішкі Ре­сейден толассыз ағылып келіп, осында ор­нығып қалып жатқан қоныс аударушылардың үлес салмағы артып бара жатты. Сол кезде Әлихан осы жерге комиссар болып келіп, ата қонысын тастап кеткен қазақ­тарды мекеніне қайтарып, тепе-теңдікті жөнге келтіреді. Екінші, Әлихан Бө­кейхан бұдан бұрын Тобыл экспедициясы мен Щербинаның экспедициясына қатысады. Сол экспедициялардың нәтижесінде Қазақ даласында тұңғыш рет жер алудың заңдық негіздемесі жасалады. Бұрын қоныс аударушылар өзіне ұнаған жерді жалға алған, қулық-сұмдықпен, тіпті әлі жетсе тартып алып отыр­ған ғой. Үкімет осы экспедиция жұмы­сының нәтижесінде қазақ­тар­ды жермен қамтамасыз ету жөнінде норма белгілейді. Ол норма бүгінгі жеріміздің сақ­талып қалуына әсер етеді. Сол кезде «Норма земельного поль­зования Торгайской области» деген кітап та шығады. Щер­бина экспедициясының нә­тижесінде әр болыстың жері белгіленіп, аумақтық шекара айқындалады, – деді Қостанай өңірлік университеті «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жетекшісі Алмасбек Әбсадық. 

Бөлісу:
Алаштанушылар бас қосты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар