Аймақтар
1 мин оқу 302

Атырауда 1 миллионнан астам ПТР сынамасы жүргізілді

<p style="text-align: justify;">Былтырғы 20 наурыздан бері Атырау облысында 1 миллионнан астам ПТР сынамасы жүргізіліпті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 1 миллионнан астам ПТР сынамасы жүргізілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы мамыр айы басталғалы 115 мыңға жуық ПТР сынамасы алынған. Тәуліктік көрсеткіш 4 367 сынаманы құрады. 

«Қазір Атырау облысында 15 ПТР-сынама зертханасы жұмыс істейді. Елімізде  коронавирус инфекциясы тіркелген 2020 жылғы наурыздан бері жүргізілген 1 096 151 ПТР сынамасы жүргізілді. Бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіш» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.  

Бөлісу: