Елорда
1 мин оқу 290

Елордадағы Бараев көшесі уақытша жабылды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп А.Бараев көшесінде жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 28 мамырынан 1 маусымына дейін Бараев көшесінде Ш.Уәлиханов көшесінен Қараөткел көпіріне дейінгі учаске автокөлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген басқарма хабарламасында.

Бөлісу:
Елордадағы Бараев көшесі уақытша жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар