Ауыр атлетика
1 мин оқу 191

Сайрамкез – күміс жүлдегер

<p style="text-align: justify;">Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөс&shy;пі&shy;рімдер ара&shy;сындағы әлем чемпио&shy;на&shy;тының кезекті күнінде ел қоржыны екі жүл&shy;демен толықты.</p>

Сайрамкез – күміс жүлдегер

Жасөспірімдер арасындағы жаһандық додада 67 кило салмақта сынға түскен отандасымыз Ақмолда Сайрамкез әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне ие болды. Қоссайыс нәти­жесі бойынша ол 308 (132+176) килоны бағын­дырды. Аталған салмақта Түркия спортшысы Өзбек Фуркан 317 кило зілтемірді еңсеріп, әлем чемпионы атанса, отандасы Генч Юсуф 301 киломен үздік үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ қыздар арасында бақ сынаған Гүлнұр Ыбырай қола жүлдені жеңіп алды. 64 килоға дейінгі салмақта өнер көрсеткен қандасымыз екі бағдарламада 205 (90+115) килоны көтерді. Айта кетейік, Ташкенттегі тартыстың алғашқы күнінде Абылай Әуел­ханов (55 кг) чемпион атанған болатын.

Бөлісу:
Сайрамкез – күміс жүлдегер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар