Тағайындау
1 мин оқу 1,880

Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және &laquo;Халық санағы-2021&raquo; ресми өкілі болып Олжас Сайлаубекұлы тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;baq.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Олжас Сайлаубекұлы 1989 жылы ШҚО Көкпекті ауданында дүниеге келген. 2011 жылы Шәкәрім атындағы СМУ-ін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «Қазақстан-Семей» телеарнасы жаңалықтар қызметінің редакторы және жүргізушісі болып бастаған. 

Әр жылдары «КТК» телеарнасының Семей қаласындағы меншікті тілшісі, «Еуразия бірінші арнасының» арнайы тілшісі, «Пендеміз ғой» ток-шоуының жүргізушісі, Президенттік пул журналисі болып жұмыс істеген.

2020 жылдың тамыз айынан бері Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды.

Отбасылы.

Бөлісу:
Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар