Әлем
1 мин оқу 153
Үндістанда 22 адам алкогольден уланып көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында 22-ге жуық адам алкогольден уланып қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz </a>Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Билік орындарының мәлімдеуінше, штаттың батысындағы Алигарх қаласында болған оқиғаға байланысты алкоголь сататын бес дүкен жабылған. Олардан ішімдіктің үлгілері алынып, зертханалық сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, қайғылы жағдайға жол бергені үшін Уттар-Прадеш штатының акциз департаментінің кейбір лауазымды тұлғалары жұмыстан шеттетілді.
Бөлісу: