Оқиға
1 мин оқу 110
Павлодарда саяжайдан өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласында Лимонная көшесіндегі «Металлург» саяжайында өрт шықты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Отқа оранған саяжайлардың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
«30 мамырда сағат 11:08-де Павлодар қаласы, «Металлург» саяжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Қамыс жанып жатыр, өрттің аумағы белгіленуде. Оқиға орнында жеке құрамның 20 адамы мен 6 техника жұмыс істеуде», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Бөлісу: