Аймақтар
1 мин оқу 240

Нұр-Сұлтанда өткен веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептерінің балалары арасында бұқаралық веложарыс өтті. Балаларды қорғау күніне, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға балалар мен жасөспірімдерден құралған 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Веложарысқа қатысушылар үш шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп өтті. Веложарыс соңында қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылып, бағалы сыйлықтар, велосипедтер, велоспортқа қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

Сондай-ақ «Витрина недвижимостей» ЖШС атынан номері №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің оқушыларына велосипедке арналған бас киімдер табысталды.

Веложарыс карантин шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда өткен веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар