Жыл басынан бері 152,3 мың отбасы әлеуметтік көмек алды
<p style="text-align: justify;" align="justify">2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 152,3 мың отбасындағы 749,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.</p>
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
2021 жылғы 1 мамырда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 181,8 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 112,4 мың отбасындағы 570,5 мың қазақстандыққа 2021 жылғы 1 мамырға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.
АӘК алушыларға бұдан бұрын, 2020 жылғы II,III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындауға өтініш ұзартылды.