Әлем
1 мин оқу 253

Таиландта Украина елшісінің мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Украинаның Таиландтағы елшісі Андрей Бешта Ко-Липе аралындағы қонақүйде өлі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Associated Press басылымының мәліметінше, 45 жастағы Андрей Бешту шамамен таңғы сағат 06.30-да қонақүйдегі бөлмесінен өлі табылған. Ал елшінің ұлы оның жағдайы жақсы болғанын айтады. Таңертең дипломат оянған кезде улану симптомдары байқалған, артынша есінен танып қалған.

Таиланд полициясы ер адамның денесінде зорлық белгілері болмағанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, украиналық елші жүрегі ұстап, қайтыс болуы мүмкін.

Дипломаттың денесі жергілікті ауруханаға жеткізілген, содан кейін өлім себебін анықтау үшін Бангкоктегі полиция госпиталіне жеткізілген.

Бөлісу:
Таиландта Украина елшісінің мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар