Теннисшілердің «Ролан Гаррос» турнирі басталды
<p style="text-align: justify;">Парижде «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың бірі – «Ролан Гаррос» басталды. Жүлде қоры 34 367 216 евроны құрайтын турнирде Қазақстанның бес теннисшісі бақ сынауда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың алғашқы күні қос жерлесіміз өнер көрсетті. Әлемнің 24 ракеткасы Елена Рыбакина франциялық Эльза Жакемомен кездесті. WTA тізімінде «ТОП-500» ойыншының қатарына әзер еніп отырған 18 жасар ару тәжірибелі теннисшіге айтарлықтай қарсылық көрсете алған жоқ. 1 сағат 12 минутқа созылған бәсеке 6:4, 6:1 есебімен аяқталды. Келесі айналымда Рыбакина үздіктер тізімінде 82 сатыға жайғасқан жапониялық Нао Хибиномен шеберлік байқасады.
Өкіншке қарай, Михаил Кукушкин алғашқы айналымнан аса алмады. Үш сеттік сайыста ол испаниялық Алехандро Давидович-Фокинаға есе жіберді – 4:6, 4:6, 3:6.
Бүгін Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевпен, Зарина Диас ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен және Юлия Путинцева тунистік Онс Жабермен кездеседі.