Оқиға
1 мин оқу 390

Ақсу қаласының маңында «КамАЗ» аударылды

<p>Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, &nbsp;сағат 22.06-да полицияға Ақсу қаласының маңындағы жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері «КамАЗ-5320» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі басты жолмен, ал «Волга» автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолмен келе жатқанын анықтады. «Волга» жүргізушісі «КамАЗ» жүргізушісіне жол бермей, төтенше жағдай тудырған. Соның салдарынан «КамАЗ» жүргізушісі соқтығысуды болдырмау үшін қарсы қозғалыс жолағына шығып, аударылып кеткен», деді баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға салдарынан «Волга» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

«Волга» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалады. Сондай-ақ «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісіне келтірілген материалдық залалды өтеу мәселесі жүргізушілер арасында азаматтық тәртіпте шешіледі. 

Бөлісу:
Ақсу қаласының маңында «КамАЗ» аударылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар