Парламент
1 мин оқу 141

Нұрлан Нығматулин Т.Ошимамен келіссөз жүргізді

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Ошимамен келіссөз жүргізді,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты нығайту туралы сөз болды.

Бейнеконференция байланысы арқылы өткен кездесуде Нұрлан Нығматулин күншығыс елі Қазақстанның Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін және оған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапониямен көпсалалы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін айтқан Мәжіліс төрағасы отандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы әңгімеледі.

Бөлісу:
Нұрлан Нығматулин Т.Ошимамен келіссөз жүргізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар