Медицина
1 мин оқу 220

Елордаға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

<p style="text-align: justify;">Өткен демалыс күндері елорданың денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына отандық вакцинаның 6 мың дозасы жеткізілді. Яғни бірінші және екінші компоненттің әрқайсысынан 3 000 дозадан жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазақстандық вакцина медициналық ұйымдарда да, СОО мен сауда үйлерінде де егіледі.

«QazVac вакцинасы демалыс күндері жеткізілді. Бұл жолы вакциналар БМСК ұйымдарына, СОО жанындағы егу пунктеріне таратылды. Яғни, азаматтар QazVac-ты өз қалауы бойынша қаладағы вакцинациялау пункттерінен ала алады», деп атап өтті басқарма хабарламасында.

Бүгінгі таңда елордада вакцинацияның 1 компонентін 170 мыңға жуық адам қабылдады. Ал басқарма қоймаларында «Спутник-V» препаратының 1 компонентінің шамамен 12 мың дозасы және қытайлық Hayat Vax 1 компонентінің шамамен 18 мың дозасы бар.

Бөлісу:
Елордаға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар