Қазақстан
1 мин оқу 152

«Түркістан-Бішкек» халықаралық рейсі іске қосылады

<p style="text-align: justify;">Бүгін, яғни 31 мамырда &laquo;Fly Arystan&raquo;&nbsp;әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан – Бішкек рейстері А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рейс (1, 4 күн бойынша) орындалады. Мәселен, 2021 жылғы 31 мамырда орындалатын алғашқы рейсте Түркістан мен Бішкек қалалары арасындағы орташа коммерциялық жүктеме 60%-дан асады.
 
Осылайша, Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде Түркістан қаласын шет мемлекеттермен байланыстыру жөніндегі міндет дәйекті түрде орындалып келеді.
 
Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
 
 
Бөлісу:
«Түркістан-Бішкек» халықаралық рейсі іске қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар