Хоккей
1 мин оқу 221

«Сарыарқаға» латвиялық шабуылшы ауысып келді

<p style="text-align: justify;">Латвиялық шабуылшы Данила Ларионов &laquo;Сарыарқа&raquo; хоккей клубына қосылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Хоккейшімен келісімшарт екі маусымға жасалған.

Данила - Рига хоккей мектебінің түлегі. Мансабын шетелде, Американ жастар хоккей лигасында бастаған. 2020/21 жылғы маусымында ол ҚХЛ-да «Динамо» (Рига) сапында өнер көрсетті. 10 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берген. Сол маусымда ол «Рига» жастар хоккей клубы сапында 32 матч өткізіп, 23 (11+12) ұпай жинады.

Бөлісу:
«Сарыарқаға» латвиялық шабуылшы ауысып келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар