Президент
1 мин оқу 2,954

Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясында үндеу жасайды

<p style="text-align: justify;">Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 19:00-ден кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылу салтанатында видео үндеу жасайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі&nbsp;<a href="https://www.facebook.com/profile.php?id=100003403233694" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">парақшасында</a>&nbsp;жазды</p>

24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтіп жатқан шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 мемлекеттің делегаттары қатысып жатыр. Сессияның негізгі тақырыбы «Қазіргі пандемияның аяқталуы және алдағы індеттердің алдын алу: тиімді, қауіпсіз әрі бейбіт әлемді бірлесіп құру».

Жиынның тікелей көрсетілімін https://www.who.int/.../seventy-fourth-world-health-assembly веб-сайтынан көруге болады.

Бөлісу: