Экология
1 мин оқу 383

«Бекіре» акциясы Мемлекетке 9 млрд теңге залал келтірудің алдын алды

<p style="text-align: justify;">Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының су айдындарында және Қазақстан Респуб&shy;ликасының Каспий теңізіндегі іргелес аумақтық суларында биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министр&shy;лі&shy;гінің аумақтық бөлімшелері бекіре және басқа да балық түрлерінің уыл&shy;дырық шашу кезеңінде &laquo;Бекіре&raquo; кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Бекіре» акциясы Мемлекетке 9 млрд теңге залал келтірудің алдын алды

Шекара ведомствосынан ак­цияға ҰҚК Шекара қызметінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттері қатысуда.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша шекарашылардың кәсіби іс-қимылының нәтижесінде қылмыстық және әкімшілік заңнаманы бұзушы 190 адам ұсталды. Оларға 4 716 789 теңге сомасына айыппұл салынды. 250 шақырымнан астам браконьерлік ау тәркіленді. 497 бекіре тұқымдас балық және жиі тоқылған аумен ауланатын 11 477 балық, сондай-ақ 21 Каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Мемлекетке 9 млрд теңгеден астам сомаға залалдың алды алынды.

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде браконьерлік әрекеттердің азаймай отырғанын ескере отырып, ведомство Қазақстан Республикасының құқық қорғау және табиғат қорғау органдарына шекара кеңістігінде т­абиғи ресурстар мен қоршаған орта­ны қорғауда жәрдем көрсету бойынша бірлескен іс-шараларды жалғас­тыратын болады.

 

Бөлісу: