Аймақтар
1 мин оқу 210

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Pavlodarnews.kz&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 31 мамырда сағат 23:10-да Павлодар ауданы Луганск ауылының жанындағы «Ефремовка-Луганск» автожолының 10 шақырымында «Тойота Естима» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен. 

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар