Қоғам
1 мин оқу 380

Атырауда жүрген 9 шетелдік елден шығарылды

<p style="text-align: justify;">Атырау көші-қон заңдылығын бұзып жүрген 9 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда жүрген 9 шетелдік елден шығарылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Мигрант» жедел іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзудың 419 дерегін анықталыпты.

«Оның ішінде 229 шетелдік ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін сот шешімдерімен Өзбекстан Республикасының 8, Ирландия елінің 1 азаматы Түркістан облысындағы «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекеті арқылы елден шығарылды. Өзбекстан Республикасының 108 еңбек мигрантына жұмыс істеу үшін берілген рұқсат кері қайтарылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Өзбекстан Республикасының 3 азаматы құжатсыз жүрген екен. Көші-қон қызметкерлерінің көмегімен Өзбекстан Республикасының елшілігі арқылы олардың төлқұжаты қалпына келтіріп, ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдапты.

Бөлісу:
Атырауда жүрген 9 шетелдік елден шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар