Тағайындау
1 мин оқу 460

«Мемсараптама» РМК бас директоры тағайындалды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Мемсараптама&raquo; РМК бас директоры болып&nbsp;Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қуандық Жұмабекұлы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығын, сондай-ақ «Көкше» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы инженер-электрик болып бастады. Кейін «Жаңа жобалар» ғылыми-техникалық орталығында» инженер-жобалаушы болып жұмыс істеді.

2009 жылдың мамыр айынан бастап «Мемсараптама» РМК-да түрлі лауазымдарда еңбек етті. Соңғы уақытта «Мемсараптама» РМК бас директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

Бөлісу: