Депутат жаңа қызметке тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Кентау қаласы әкімінің өкімімен қала әкімдігі аппаратының басшысы болып Амалбек Өміртай Дәркенұлы тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p> <p style="text-align: justify;"> </p>
Экономист Амалбек Дәркенұлы еңбек жолын 2017 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінде сарапшы болып бастаған.
Ол 2018-2019 жылдары Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар коледжі директорының ақпараттық технологиялар және ішкі бақылау мәселелері бойынша директор орынбасары, 2019-2020 жылдары «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалы экспортты ілгерілету орталығының жетекшісі, 2020-2021 жылдары аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ Амалбек Дәркенұлы Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылымының депутаты.