Сайран көліне батып кеткен ер адамды іздестіруде
<p style="text-align: justify;">Алматыда сүңгуірлер Сайран көліне батып кеткен ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Куәгерлердің айтуынша, 31 мамыр күні шамамен кешкі сағат 17: 30-да Сайран көліне 25-30 жас аралығындағы ер адам суға түсіп, қайтып шықпаған.
Алдын ала болжам бойынша, жас жігіт таныстарымен бірге ішімдік ішкен.
«Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары жедел іздестіру-сүңгуір жұмыстарын бастады. Іздестіру-сүңгуір жұмыстары қараңғы түскенге дейін жүргізілді. Бүгін таңғы сағат 08:30-дан бастап іздестіру-сүңгуір жұмыстары қайта басталды. Іздестіруге ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның сүңгуірлері де тартылды. Су тұнық болмағандықтан су астынан ештеме көрінбейді. Сондықтан іздестіру жұмыстары жанасу арқылы жүргізілуде», деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жаңдайлар департаментінен.
Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы құтқару қызметінің 4 сүңгіруі мен «ҚР ТЖМ» ММ-нен 3 сүңгуір мен 2 қайық жұмылдырылды.